ЛоготипАрнаулы әлеуметтік қызметтерМақтаарал ауданы
Ақпараттық платформа

Мақтаарал ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер

Егде жастағы адамдарға, мүгедектігі бар ересектер мен балаларға арналған екі мемлекеттік ұйым туралы бір жерден толық ақпарат: құжаттар, нысандар, байланыстар және мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі.

2
ұйым
525
қызмет алушы (Мейірім-Шапағат)
8
арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері

Жедел сілтемелер

Ең жиі қажет болатын қызметтер мен байланыстар

Әлеуметтік қызметтер порталы

aleumet.egov.kz — өтінішті электронды түрде беру және мәртебесін бақылау

Порталға өту

Интерактивті қолжетімділік картасы

inva.gov.kz — мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді нысандар картасы

Картаны ашу

Инватакси қызметі

Мүгедектігі бар адамдарды тегін тасымалдау қызметі. Хабарласу үшін телефон шалыңыз:

Бірыңғай байланыс орталығы

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат және сұрақтар

«Мейірім-Шапағат»

«Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Мейірім-Шапағат» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Абибуллаев Талғат Исаевич

Директор

Абибуллаев Талғат Исаевич

Мырзакент кенті, Қожанов көшесі №6
Жұмыс кестесі: 09:00–18:00

Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшелері

5 бөлімше, Қызмет алушылардың жалпы саны - 525 адам

Атакент өңірі126

Атакент өңірі бойынша егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға және мүгедектігі бар адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі

Бекназарова Айсулу Ешанкуловна

МеңгерушіБекназарова Айсулу Ешанкуловна

Мырзакент өңірі133

Мырзакент өңірі бойынша егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға және мүгедектігі бар адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі

Бекбутаева Гульнара Жамалбековна

МеңгерушіБекбутаева Гульнара Жамалбековна

Атакент өңірі89

Атакент өңірі бойынша мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі

Шотаев Оналбек Садуахасович

МеңгерушіШотаев Оналбек Садуахасович

Мырзакент өңірі94

Мырзакент өңірі бойынша мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі

Шакирова Жадыра Аманкуловна

МеңгерушіШакирова Жадыра Аманкуловна

аудан бойынша83

Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі

Базаров Нұрғали Сапарғалиұлы

МеңгерушіБазаров Нұрғали Сапарғалиұлы

Оңалту орталығы

МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ «МАҚТААРАЛ МҮГЕДЕК БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ажикабылов Мухтар Дуйсебаевич

Директор

Ажикабылов Мухтар Дуйсебаевич

Атакент кенті, Ж.Ибраева көшесі №22В
Жұмыс кестесі: 09:00–18:00, 5 жұмыс күні

Қызмет алушылар статистикасы

28
барлығы бала
15
психоневрологиялық ауытқулары бар
13
тірек-қимыл аппараты бұзылған

Қызмет көрсету бағыттары

8 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер

1Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет
2Әлеуметтік-медициналық қызмет
3Әлеуметтік-психологиялық қызмет
4Әлеуметтік-педагогикалық қызмет
5Әлеуметтік-еңбек қызметі
6Әлеуметтік-мәдени қызмет
7Әлеуметтік-экономикалық қызмет
8Әлеуметтік-құқықтық қызмет

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Қызмет көрсету тәртібі
  1. Қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе aleumet.egov.kz порталы арқылы өтініш береді.
  2. Құжаттардың толық топтамасы қабылданғаны туралы электрондық қолхат немесе талон беріледі.
  3. Құжаттарды тіркеген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарастырылады.
  4. Үйде қызмет көрсету жағдайында әлеуметтік қызметкер 5 жұмыс күні ішінде тұрғылықты жеріне барып, тұрмыстық жағдайды тексеру актісін жасайды.
  5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдайды.
  6. Шешім қабылданғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде қызметті алушыға хабарлама жіберіледі және aleumet.egov.kz порталында ұйымды таңдау қажеттігі туралы ескертіледі.
Қызметтің құны

Тегін

Қызметтің нәтижесі

Жартылай стационарлық немесе үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мерзімі көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама, немесе бас тарту негіздері көрсетілген дәлелді жауап.

  1. Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініш
  2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе ЖСН бар цифрлық құжат
  3. 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес нысандағы амбулаториялық картадан үзінді көшірмесі бар медициналық карта
  4. Мүгедектігі туралы анықтама (бар болса)
  5. Мүгедектігі бар адамның жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасы (бар болса)
  6. Соттың әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса)

Қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты «1414» бірыңғай байланыс орталығынан немесе 8 800 080 7777 нөмірінен алуға болады.

Нормативтік-құқықтық актілер

Қызметті реттейтін негізгі құжаттар, толық мәтінмен танысу және Word форматында жүктеп алу мүмкіндігі

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығы

Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығы

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Кодексі

Өтініш нысандары

Стандарттарға 1-қосымшаға сәйкес ресми өтініш нысандарын толтыру, алдын ала қарау және Word форматында жүктеп алу

Алдын ала қарау

Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н. Елшибаевқа. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: 050140009243

Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 1-қосымша

ӨТІНІШ

___________________ жылы туған, ___________________ мекенжайы бойынша тұратын ___________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға күндіз болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді сұраймын, өйткені жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтажбын (мұқтаж).

Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын: ___________________

Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерімді жинауға және өңдеуге «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына сәйкес келісім беремін.

Осы келісім қол қойылған күнінен бастап «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету аяқталған күнге дейін қолданылады.

Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау, онда болу, одан шығарып тастау және шығарып тастау шарттарымен таныстым.

___________________ жылғы өтініш. ___________________ (өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

Құжаттарды қабылдаған: ___________________, ___________________ жылғы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)

Жаңалықтар мен хабарландырулар

Ұйымдарда өткен және жоспарланған іс-шаралар

Өткен іс-шаралар

2026 жылғы 20 наурыз

«Қош келдің, Әз наурыз!» мерекесі

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің Әз наурыз» мерекелік іс-шарасы өткізілді.

2026 жылғы 8 мамыр

«Ұлы жеңіске мың тағзым» іс-шарасы

Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мерекесіне орай «Ұлы жеңіске мың тағзым» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

2026 жылғы 1 маусым

«Балалар әлемнің көркі» мерекесі

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Балалар әлемнің көркі» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.

Жоспарланған іс-шаралар

2026 жылғы 10 қазан

Халықаралық мүгедектер күніне арналған іс-шара

2026 жылғы 25 қазан

Республика күні. Ашық есік күні

2026 жылғы 16 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

2026 жылғы 31 желтоқсан

Жаңа 2027 жыл мерекесі

Байланыстар

Инватакси қызметінің телефондары
Бірыңғай байланыс орталығы

«Мейірім-Шапағат» күндіз болу орталығы

Мырзакент кенті, Қожанов көшесі №6

8 725 41 2 11 41

Мақтаарал мүгедек балаларды оңалту орталығы

Атакент кенті, Ж.Ибраева көшесі №22В

8 775 186 97 95